04.08.2014
«Шара жұмыс демалысы пішінінде өтті, сол уақыт ішінде жас кәсіпкерлерге өз стартап-жобаларын шығаруға мүмкіндік берілді. Барлық демалыста тұжырымдама, бизнес-жоспар, crush-тесттер дайындалды. Жұмыстың мақсаты – минималды өмір сүруге қабілетті өнім құру», - деп «Атамекен Стартап» ҚҚ хабарлады.
Шараға уақыт регламентінің қойылуы командаларға ерекше талпыныс сыйлады.
Сенбіде ақтық мәреге 15 құрама команда шықты.
Әрбір 15 команданың таныстырылымына 4 минут және 3 минут әділ қазылар сұрағына қалған болатын.
Барлық жобаларды тыңдап болғаннан кейін әділқазылар алқасы саралап 3 команданы жеңімпаз деп тапты.
Айта кетерлігі, 3 жеңімпаз болғанына қарамастан барлық бизнес-жобалар бизне-періштелер клубы – олжалы кәсіпкерлердің бейресми ұйымының қарауына жіберіледі.Ұнаған стартап жоба 50 000 доллар көлемінде қаржыға ие бола алады.