04.08.2014
Ел бойынша 17 команда және Өзбекстан командасы, яғни 100 спортшы шығыс аймағының жолымен жүріп өтетін веложарысқа қатысады.
«Аталмыш шара веложарыстың 100-жылдығына ғана емес, сондай-ақ, он күн бұрын Тур де Франс жарысысынан жеңіп алған қазақстандық команданың жеңісіне арналды», - деді ШҚО облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев.
Веложарыс 5 күнге созылады. Бұл уақыт аралығында 20,45,50 және 100 шақырым жолды жүріп өту қажет.