04.08.2014
Айта кетерлігі, бұл белгілі талаптар бойынша жүзеге асырылды. Бірінші – нарықтағы жеке тұлға мен заңды тұлғалардың құрамынан тұратын қызметі, екіншісі – кәсіпкерлік әлеуметтік қызмет көрсетпеуі тиіс; үшінші – қызмет ұлттық қауіпсіздік саласына араласпайды.
Жекешелендірудің негізгі құрамы – бәсекелестік ортадағы ұйымдар мемлекеттің көмегіне жүгінбеуі керек, себебі ол біркелкі емес бәсекелестікті тудырып, бюджеттің шығынын көбейтеді.
Жекешелендірудің екінші толқыны ел экономикасындағы жеке сектордың үлесін арттыратын Үкімет саясатының жалғасы болып табылады.
Жекешелендіру кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру үшін қолданылады. Себебі бизнес мемлекетпен салыстырғанда үздік менеджер болып келеді. Жеке сектор бейімделуге ыңғайлы және жаңа технология енгізуге қабілетті болып саналады.