• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жекешелендірудің  екінші толқыны Қазақстан экономикасының дамуына серпін береді - Оразбақов 04.08.2014

«Жария етудің екінші толқыны Қазақстан экономикасының дамуына серпін береді және оның кәсіпкерлікті дамытуға тың серпін беруі шарт. Өйткені, жеке секторда үлкен нысандар пайда болып, бизнес те бұған дейін мемлекеттің қарауында болған осы бағытқа жұмылады. Әлемдік тәжірибеде жеке сектор мемлекетке қарағанда біршама табысты басқару саласы ретінде қарастырылады. Оның үстіне жеке бизнес жаңа жағдайға тезірек бейімделіп, жаңа технологияларды да уақытылы енгізуге қабілетті болып табылады», деді сөз басында агенттік басшысы.

Оның айтуынша, мемлекет пен ұлттық холдингтер, компаниялар жекешелендіру нәтижесінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қосымша қаржылық көздерін иеленеді.

«Осы ретте мемлекеттік ұйымдар бейінді емес активтерден арылып, өзінің қызметін негізгі міндеттерді орындауға жұмылдырады. Ал халық өз кезегінде бәсекелестікті дамытудың арқасында қызмет сапаларының жақсаруын, олардың бағасының төмендеуін сезінеді. Осылайша, жекешелендірудің екінші толқынын табысты жүзеге асыру нәтижесінде жалпы алғанда ұйымдар қызметінің тиімділігі артып, халық үшін қызмет сапасы жақсарады», - деп Оразбақов түйіндеді.   

Мадина Нұрбекова 


Back to the list