04.08.2014
Облыста Қордың аймақтық филиалы аудандық орталықтар үшін арнайы семинар өткізді. Онда «бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын аенгізілген өзгерістер туралы айтылды. Дәлірек айтатын болсақ, «Даму» қорының жасы 29 аспаған жаңадан бастаған кәсіпкерлерге несие беру туралы салалық шектеулердің алынып тасталғалы сөз болды.
Кездесу барысында қатысушалар «БЖК-2020» бағдарламасының жаңа мүмкіндіктерін бөліп қана қоймай, ауылдық кәсіпкерлердік тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, ауылдық кәсіпкерлердің қайнадй қиындықтармен кездесетіннен де хабардар болды.
«Жалпы, кәсіпкерлер арасында «БЖК-2020» бағдарламасына, оның ішінде субсидиялау мен гранттарға қызығушылық басым. Осы ретте Төлеби мен Қызығұрт аудандарының АКО ең көп кеңес берді. Дәлірек айтатын болсақ, сәйкесінше 101 және 33 қызмет», - деп атап өтті Қорда.