04.08.2014
Қазақстанның ұлттық палатасы хабарлағандай, меморандумға сәйкес Кәсіпкерлер палатасы мен химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп кәсіпорындарды тартуға бағытталған жүйе енгізеді.
«Кәсіби бейімделген кабинеттің ашылуы жоспарланған, мектеп оқушылары өздерін қызықтырған кәсіпорындардың мамандықтарын, кәсібін зерттей отырып өз бағыттарын таңдай алады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Зияткерлік мектеп үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары қолжетімді бола бастады, ол кәсіпорындар мен ЖОО лабораториялары арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ, мектеп оқушыларына саяхат ұйымдастырылады. Ол кезде балалар кәсіпорынның өндіріс жұмысымен таныса алады.