04.08.2014
Алдымен Жақсылық Мұқашұлы мен Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов Семей қаласында іс – шаралар өтетін негізгі орындарды аралап шықты. Әкімдікте өткен жиында ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев АҚШ, Жапония, Қытай, Италия, Израиль, Ресей сынды мемлекеттерден мәртебелі меймандар келеді деп күтіліп отырғанын атап өтті.
Жақсылық Мұқашұлы «Семей - Невада» қозғалысының 25 жылдығын кеңінен насихаттау жағын да жандандыру керектігін атап өтті.1989 жылы қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Семей-Невада» қозғалысы құрылып, халықтың қолдауына ие болып, Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Семей сынақ полигоны жабылды.
Сонымен қатар Семей қаласындағы Түйемойнақ аралында бес мың адамның қатысуымен қозғалыстың 25 жылдығына арналған жиын, Абай атындағы театрда халықарылық конференция өтеді деп болжануда.