• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кәсіпкерлерге тауардың шығуы туралы сертификаттар беріледі - ҰКП 04.08.2014

Ол атап өткендей, ҚР  «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңына сәйкес, ҰКП тауардың шығуы туралы сертификатты рәсімдеу және растау туралы міндетін атқаруға көшті. Осы ретте жұмыс нәтижелігін арттыру мақсатында ҰКП жүйесіне кіретін заңды тұлға 2014 жылдың 12 шілдесінде «Тауардың шығуын сертификаттау орталығы» ЖШС құрылды

«Жалпы бұл орталықты құрудың маңызы зор, тіпті ЕАЭО құру жолында оның атқарар рөлі орасан. Барлық кәсіпкерлер тауардың сапасын, оның құрамын анықтайтын базаның құрылуына қызығушылық танытып отыр», - деді В.Жүнісов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта орталықтың міндеті арта түседі. Бүгінннің өзінде осы тұрғыда ҰКП арнайы ұсыныс жасақталуда.

«Қазіргі таңда ТМД, Еуропалық қауымдастық, үшінші серіктес елдердің тауарларының шығуы туралы арнайы сертификаттар, мен бланкалар, үлгілер мен мөрлер жасалынып қойылды», - деп хабарлады palata.kz.


Back to the list