03.08.2014
«Шекараға жақын, әрi iрi халықаралық темiржолдар мен автомобиль магистральдерiнiң торабындағы Солтүстiк Қазақстан облысы үшiн көлiк кешенiн дамыту басты бағыт болып табылады. Көлiктiң арқасында өндiрiстi, шағын және орта бизнестi ауылшаруашылығын және тағы да басқа экономиканың маңызды бағыттарын дамыта аламыз», — дедi өңiр басшысы өз құттықтауында.
Бүгiнде облыста 15 мыңнан аса адам көлiк кәсiпорындарында еңбек етедi. 200 ден аса қалааралық, қалалық, аудандық бағыт жұмыс iстейдi. Екi айдың көлемiнде автобус бағыттарын көбейту жоспарланған. Сондай-ақ Петропавл әуежайының жұмысын жандандыру қолға алынбақ.
Бұдан кейiн елiмiздiң көлiк саласын дамытуға қосып жүрген үлестерi үшiн Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң «Үздiк автокөлiкшi» төс белгiлерi, Құрмет грамоталары мен облыс әкiмiнiң Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталғандар арасынан сөз алған «СҚО автокөлiкшiлер одағы» Қауымдастығының төрайымы Галина Семенова барлық көлiк саласының қызметкерлерiн кәсiби мерекемен құттықтап, әрiптестерiне табыс тiледi.