03.08.2014
«Ағымдағы жылдың маусым айында компанияның сайтында Қордың директорлар кеңесімен бекітілген активтерді жекешелендіру тәртібі жарияланды. Онда барлық процедуралар жан-жақты түсіндірілген. Осы ретте біз жақын арада активтерді жекешелендіру тәртібі бойынша семинар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді сөз басында Н. Рахметов.
Бұдан басқа, еншілес компания «Самұрық-Қазына Келісімшарт» арнайы Колл-орталығын ұйымдастырды. Мұнда кез-келген адам жекешелендіру тәртібімен жан-жақты таныса алады, тіпті әлеуетті инвесторға нақты бір нысан туралы да жан-жақты мәлімет беріледі .
«Болашақта жекешелендіру тәртібі толығымен мқұлданған соң активтердің сатылымы ҚР Қаржы министрлігінің электронды алаңында жүргізілетін болады. Айта кетерлік жайт, әр нысан туралы толыққанды ақпарат, яғни оның төлқұжаты біздің қордың және ҚР ҚМ сайтыны бірдей жарияланатын болады», - деп түйіндеді Н. Рахметов.