01.08.2014
Сайтта мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектордың ақпараттық ресурсында жарияланған жекешелендірудің екінші толқынының мәліметтері жарияланған.
Кез келген қазақстандық ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік реестрі, мемлекеттік мүлікті сату бойынша электронды сауда туралы жан-жақты танысып, сол жерден сүзгінің көмегімен (аты, сатылымы мен типі бойынша) саудаға шығарылып отырған өзінің қызығушылық танытқан нысанын таңдай алады. Сонымен қатар жекешелендірудің екінші толқыны аясында электронды саудада мемлекеттік мүлікті сату бойынша құрылған инфографикамен танысады. Онда саудаға шығарылған 2014 жылдың сауда кестесінің нысандар тізімі мен 2014 жылғы сауда кестесі, «Самұрық-Қазына» АҚ сауда нысандары бойынша ақпарат берілген жекешелендіру нысандарының бекітілген тізіміне сілтеме жасалған.
Және де сайтта 2014 жылғы жекешелендіру нысандарының сатылым кестесімен танысуға да болады.
palata.kz реестрдің веб-порталын пайдаланумен электронды саудаға шығарылатын мүлікті сату инфографикасымен, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша құқықтық базамен, электронды сауда жүргізу мен ұйымдарды реттейтін құжаттармен, сауданың типі мен шартын түсіндіретін электронды саудаға қатысу ережесімен, сонымен қатар электронды сауда жұмыстары бойынша бейне ережелермен танысуға мүмкіндік ұсынады.
Осыған қоса сайтта жекешелендіру нысанының реестрі жарияланған. Онда сүзгінің көмегімен жекешелендіру нысанын таңдап алуға болады.