01.08.2014
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ таяудағы «ҚазМұнайГаз» Өндірісті Барлау» АҚ мәліметін алға тарта отырып және акция құнының өзгеруі мен жаһандық депозиттік қолхатын ескеріп акция басына 20,393 теңгеден есептеп өзіне тиесілі емес «ҚазМұнайГаз ӨБ» акцияларын сатып алу мүмкіндіктері бойынша тәуелсіз директорлармен алдын ала талқылау жұмыстарына кірісіп кетті», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, аталмыш баға 2014 жылдың 21 шілдесіндегі 16,08 доллар бағаға сай, өндірістік барлаудың 15,05 пайыздық мөлшері шамасында болмақ.
ҚазМұнайГаздың мәліметінше, бұл қойылып отырған баға орынды. ҚазМұнайГаздың мақсаты тәуелсіз директорлар ұсынысы негізінде келіссөздер жасау арқылы сатып алу үшін ҚМГ ӨБ тәуелсіз директорларымен өзара ынтымақтастықта болу болып қала бермек.