• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Республикалық бюджетке  6 айда  кедендік төлемдер мен салықтан  733,1 млрд теңге түсті - КБК 01.08.2014

Ведомствода атап өткендей, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 18,2 %-ға артық (2013ж. 1 жарты жылдығында - 620,4 млрд теңге).

Келелі кеңесте кеден саласындағы құқықбұзушылықты алдын-ала анықтау, оған жол бермей сынды бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

«Жыл басынан бері ҚР кеден органдары 451 қылмыстық  және 4751 азаматтық іс қозғады. Сонымен қатар, 4,5 млрд теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді. Жалпы әшкереленген қылмыстық істердің 330-ы экономикалық контрабандаға, 36-ы айналымнан алынып тасталған тауарлардың контрабандасы, 30-ы кедендік төлемдер мен салықтан жалтару болып табылады. Заңсыз айналымнан 9 кг есірткі заттары алынды», - деп КБК хабарлады.

Бұдан басқа, халықаралық саудаға қолдау көрсету асында бірқатар артықшылықтар анықталды. Олар жүкті кедендік өңдеу мерзімінің қысқаруы, өткізу бекеттерінің өткізгіштігінің артуы, экспорттық-импорттық операцияларды жеңілдеуі және т.б.


Back to the list