31.07.2014
«Облыста салынған заманауи жаңа қамбаның құрылысына кеткен 713 млн теңгенің шамамен 500 млн теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на тиесілі болса, қалған 25 пайызға жуығы «Ақтық» АҚ-ның өзіндік қаражаты. Сол себепті бұл бірлескен жоба болып саналады», - дейді С.Қамзыбаев.
Өз кезегінде акционерлік қоғамға берілген қарық ақшаның алғашқы екі жылы жеңілдікті жыл болса, қалған оны жылында акционерлік қоғам жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен төлейді.
«Ауыл шаруасы мен фермерлер үшін қаржыландырудың бұл түрі өте тиімді жоба болып табылады. Өйткені берілетін қаражат 12 жылға береді. Соның ішінде алғашқы екі жылы жеңілдетілген мерзім болса, қалған он жылда қарыз алушы қаражатты 6 пайыздық мөлшерлемемен қайтарылады. Менің ойымша, бұл барлығы үшін тиімді. Бұл «ҚазАгроФинанстың» өте сәтті жобаларының бірі болып табылады», - дейді «Ақтық» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Саят Қамзыбаев.
Айта кету керек, «Ақтық» АҚ 1993 жылы құрылған және астық өндіруші ірі компания болып табылады. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 209 адам. Компанияның егістік және ору жұмыстарына барлық жағдайлары бар. Егістік шаруашылығынан бөлек компания құс және мал шаруашылығымен айналысады.
Индира Қауметова