31.07.2014
«Ақмола облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 4,9 млрд теңгені құраған 9 астық қоймасының құрылысын қаржыландырды. Ол барлық заманауи технологиялармен жабдықталған. Бүгінде олардың 5-уі бүгінде іске қосылған, ал біреуі жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, қалған 3-уі 2015 жылы жұмыс істей бастайды», - деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Болат Сәбитов.
Айта кетерлік жайт, «ҚазАгроҚаржы» АҚ жұмысының басты бағыты Ұлттық қор желісі бойынша астақ қоймаларын тұрғызу немесе олардың ескісін жаңғырту болып табылады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталғалы бері компания 9 астық сақтау қоймасының бой көтеруіне септігін тигізді.
Индира Кауметова