• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысының  АӨК-не израильдік технологиялар енгізілді 31.07.2014

Ағымдағы жылы алғаш рет «Ақсу» Агрохолдингінің» картоп алқабында тамшылатып суару  израилдік технология арқылы жүзеге асырыла бастады. Жалпы, компанияның иелігінде 350 га жер бар, оның 14 га кортоптың голандиялық және неміс сұрыпы өсіріледі.

Израильден жеткізілген жаңа  техникаға 15 млн теңге жұмсалды. Осы уақытқа дейін аймақта егін алқаптары арнайы арықтар арқылы суарылып келген.

Жаңа технология суды 70 пайызға үнемдеп қана қоймай, түсім мен сапаны арттырады. Тыңайтқыштар су арқылы берілетін болады. Бұл өз кезегінде егінді түрлі аурулардан, арамшөптерден, зиянкестерден қорғайтын болады.


Back to the list