• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның арнайы байланыс қызметіне - 75 жыл 31.07.2014

Қазіргі таңда арнайы байланыс қызметі акционерлік қоғамның ең қарқынды дамып келе жатқан қызметінің бірі болып табылады. Онда қауіпсіздіктің жоғары стандарты мен мәліметтерді сақтау кепілдігі тиісті нормативті базамен қорғалады. Бұл қызмет түрі еліміздің ең шалғай ауылдарына дейін желі құра білген. Сонымен қатар, өте құпия және бағалы дүниелерді қарулы күзетпен тасымалдау саласында да айтарлықтай тәжірибеге ие.

«Қазақстан Республикасы арнайы байланыс құрылымы Алматы қаласындағы республикалық байланыс бөлімшесі мен облыстық, қалалық, аудандық бөлімше арнайы байланыс қызметтерінен тұрады. Арнайы байланыс қызметінің желілік байланыс пен бағыттары елдің әрбір аудандары мен қалаларына тасмылдау мүмкіндігін береді», - делінген хабарламада.

Арнайы байланыс қызметінің көпжылдық жұмыс тәжірибесі құнды жүкті тасымалдаудағы уақыт пен қаражатты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар тасмыладанушы жүктің бүтіндігіне кепілдік береді.


Back to the list