31.07.2014
«2013 жылы 509 млн теңгенің 1200 шақты келісімі құрылды. Соған сай 1554 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия бөлінді. Қазіргі таңда жалпы саны 2 млн теңгенің 2800 шақты келісімі қаралып жатыр», - дейді Д.Дәуітов.
Оның айтуынша, инвестициялық жоба аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері болып табылатын, сонымен қатар Қазақстанда инвестициялық жұмыстар жасайтын жеке және заңды тұлғалар АӨК салаларындағы қолданыстағы қуаттылықтарын кеңейту мен жаңаларын құру бойынша жұмсалатын шығындардың бір бөлігін жаба алады. Аталмыш инвестициялық субсидиялар шамамен 20-80 пайыз аралығында.
«Субсидияланған сыйақы үстемелері өзге валюталар бойынша жылына 5 пайыздық және теңгемен болса жылына 7 пайыздық көрсеткішпен төмендейді», - дейді.