• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Ресейге 10 мың тоннаға жуық ет экспортталады – ҚазАгро 31.07.2014

«Жарты жыл ішінде  Ресейге 3500 тонна ет шығарылды, бұл айтарлықтай көрсеткіш.  Жалпы, жылдың соңына дейін РФ-ға 9700 тонна ет экспортттау жоспарланып отыр», - деді Қайрат Айтуғанов. 

«Бұл шынайы мақсат. Бағдарлама үшінші жыл қатарынан жұмыс істеуде, Бүгінгі таңда Қазақстанда ет өнімін қолдану өсуде. Бұл халықтың тұмысы мен тауарға деген қолжетімділікке байланысты», - деді ол.

Мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық 2001 жылдан бастап жүзеге асырылады. Осы кезеңдер ішінде  Ресейдің  нарығына жалпы 828,5 млн.теңгенің мал шаруашылығы өнімі экспортталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы РФ-ға ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу тапсырмасын алға қойған болатын.

Камила Амирова 


Back to the list