• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қаржылай сауықтыру бағдарламасы аясында АӨК-нің   170 субъектісі субсидия алады - ҚазАгроМаркетинг 31.07.2014

«Ағымдағы жылы мамыр-маусым айлары аралығында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру комиссиясының төрт отырысы  өтті. Келелі кеңесте  АӨК 169 субъектісіне жалпы сомасы 149,2 млрд теңгеге субсидия беру  шешімі мақұлданды. Қазіргі таңда жалпы сомасы 100 млрд. теңге болатын 150-ге жуық өтініш қарастырылу барысында», - деді  Д.Даутов.

«ҚазАгромаркетинг» басшысы еске салып өткендей, қаржылай сауықтыру мерзімі 9 жылға дейінгі несиенің немесе лизингтік жауапкершіліктің пайызық үстемақысын субсидиялауды көздейді.

«Жалпы, субсидилау несиені немесе лизингтік жауапкершіліктің пайыздық үстем ақысын теңгелей жылына 7%-ға дейін, ал шетелдік валютада 5%-ңа дейін төмендету арқылы жүргізіледі», - деп ол толықтырды.

Сонымен қатар, ол, өткен жылы қаржылай сауықтыру бағдарламасы аясында несиелік салмақты және тәуекелді төмендету үшін жалпы сомасы 18,4 млрд. теңге болатын АӨК 48 субъектісінің өтініші мақұлданғанын тілге тиек етті. 

Камила Амирова


Back to the list