31.07.2014
Жаңа дизайн және ақпараттық құрылым мен функциялар қолданушыларға жұмыс істеуге барынша қолайлы болу үшін жасақталды.
Оралдағы «Технопарк Алгоритм» ЖШС-ның, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» Технопаркі» ЖШС-нің, Алматыдағы «Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» АҚ-ның , Астанадағы «Астана қ. Өңірлік технопаркі» ЖШС-ның, Шымкенттегі «ОКО Өңірлік технопаркі» ЖШС-ның , Өскемендегі «Алтай» ШҚО өңірлік технопаркі» ЖШС-нің жаңартылған сайттарында олардың көрсететін қызметі туралы толыққанды ақпарат алуға болады және онлайн өтініште бере аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, технопарктердің басты міндеті аймақта инновациялық қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасау, жан-жақты қолдау көрсету және заманауи технологияларды енгізуге септігін тигізу болады.