• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО кәсіпкерлері үшін ШОБ-ті  дамытудың жол картасы құрылады 31.07.2014

Құжатты дайындау үшін ШҚО барлық өңірлеріндегі өндірістік жағдай сарапталып, соның барысында барлық бизнес нысандары , шығарылатын тауар түрлері мен олардың саны ескерілді. Сонымен қатар, оған деген сұраныс деңгейі мен сату мүмкіндіктері де есепке алынды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

«Біз кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Даму» қорымен бірлесіп төрт ай бойы аудандармен және кәсіпкерлік субъектілерімен Ұлан ауданының «Шағын және орта бизнесті дамытудың жол картасы» қанатқақты жобасын шығардық. Кәсіпкерлікті қолға алу үшін алдымен не шығару керектігін білу және нарықты зерттей білу керек. Біз аудандарда жағдайға талдау жасап, тауарды өндіру мен тұтыну көрсеткішін бақылауды тапсырдық. Осының арқасында аудандардағы нарықтық жағдайдан толықтай хабардар болып отырмыз», - дейді Е.Көшербаев.

ШҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, «ШОБ-ті дамытудың жол картасы» кәсіпкерліктердің бәсекеге қабілетті өнім шығаруына мүмкіндік береді.


Back to the list