30.07.2014
«Теңіз Қашаған сияқты кен орындарының бірі болып табылады. Ондағы жұмыс бір жолға қойылған. Айта кетерлік жайт, 2013 жылы Атырау қаласы маңында орналасқан ол Қазақстанның мемлекеттік бюджетін 12 млрд. долларға толықтырды», - деді министр.
Сонымен қатар, ол, Теңіз бен қашаған кен орындары ірі кен орындарының бірі және бір-бірінен еш кем емес, деп атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қашаған кен орнындағы құбырларда ақаулар анықталып, мұнай өндіру ісі тоқтатылған болатын. Бүгінде ондағы 200 км құбырды толығымен ауыстыру керек. Мұнай өндірі 2016 қайта басталады деп жоспарлануда.
Индира Кауметова