30.07.2014
«Қазақстанда 6 ай ішінде 36,7 млн мұнай өндірілді, ол өткен жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 98,4 пайызды құрайды. Қазақстандағы ірі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, ТШО, КПО. Олардың жалпы үлесі республикадағы өнімнің 60 пайызын құрайды», - деді министр.
Оның айтуынша, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жарты жыл ішінде 104,2 пайыз, «Өзенмұнайгаз» АҚ 103,5 пайыз, КПО 107 пайыз, ТШО 95,8 пайыз міндетті орындаған.
«Айта кетерлігі, ағымдағы жылы ТШО ірі зауыттарға 73 күнге созылатын жөндеу жүргізбек. Жақында кешенді-технологиялық желі бойынша бірінші жөндеу жұмыстары аяқталды, ол 28 күнге жоспарланған болатын, ол кешігіп 37 күнді алды. Екінші кешенді жөндеу 45 күнге созылады деп күтілуде, ол қазан айында өтпек», - деді Ұ. Қарабалаин.
«Біздің мақсатымыз өткен жылғы 81,8 млн тонна немесе 100 пайыздық өндіру дәрежесін сақтап қалу», - деді ол.
Мадина Нұрбекова