• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО Қызылжар ауданының өндірістік  кәсіпорындары  4 млрд теңгенің  өнімін өндірді 30.07.2014

Үдемелi индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы аясында аудан бойынша өткен бес жылдықта тек бiр жоба ғана қолға алынған. Құрылыс жұмыстары былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7 есеге артты, жұмсалған қаражат 975 млн теңге.

Нысандардың көбi халықтың өз қаражатына салынып жатыр. 48 баспана бой көтерген. Келесi жартыжылдықта тағы шамамен екi мың шаршы метрдiң тұрғын үйi салынбақшы.

Өңiр жетекшiсi аудан әкiмiне мемлекеттiк бағдарламаларға қатысуға құлықты кәсiпкерлермен қарқынды жұмыс жүргiзудi мiндеттедi. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңiл бөлiнуде, десе де ауылдағы ағайын жеңiлдiктi пайдалануға құлықсыз.

 Сондықтан болар ауданда бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай жетiстiктер жоқ. Асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстары баяу атқарылуда.

 «Сүт жинау жұмысы көңiл көншiтпейдi. Сондай ақ, ауданда ауыл арасында қатынайтын автобустардың саны аз. Бұл да өзектi мәселе. Туризм саласын дамытуда да тың жұмыстар атқару қажет», — дедi өңiр басшысы.


Back to the list