• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚТЖ ардагерлердің қатысуымен Консультативтік кеңес өткізуде 30.07.2014

Ұлттық компанияның жетекші  қызметі  мен  бөлімшелерінің  басшылары Кеңес  мүшелерімен кездесу  өткізіп, оларды темір жолды дамытуда атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен және алдағы міндет-мақсаттармен таныстыруда. 

Консультативтік кеңестің жұмыс бағдарламасы 25 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Осы уақыт аралығында кездесулер мен есеп берулер, консультациялардан басқа, ардагерлер Астана қаласында өтетін Қазақстанның темір жолының 110 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады. Сондай-ақ, Бурабайдағы шипажайда ем қабылдайды. 

Таяуда теміржол саласының  ардагерлерімен  «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның  президенті  Ермек Төлегенов  және  «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның  Пайдалану жөніндегі басқарушы директоры Оралхан Қулаков кездесті. 

Олар өз кезегінде ардагерлерге жолаушылар және жүк тасымалының қазіргі  ахуалы, шаруашылықты  жаңғыртуда  жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жаңадан ашылып жатқан бағдарлар және пойыздың жаңа  құрамдары туралы, сондай-ақ  көлік логистикасын дамыту, еліміздің көліктік әлеуетін іске асыруда  атқарылып жатқан іс-шаралар туралы да  әңгімелеп берді.  


Back to the list