• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Самұрық-Қазына»  2014 жылы 64 активті жеке секторға шығаруды жоспарлауда 30.07.2014

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі 2014-2016 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді бағдарламасын жасағаны белгілі.

«2014 пен 2020 жылдар аралығында Қордың 106 активі мен нысаны сатылады, оның 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жеке секторға шығару жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Комиссия мүшелері Жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылатын активтер бойынша ұйымдастыру мәселелерін және активтерді тәуелсіз бағалаушыларды таңдау әдістерін талқылады.

Отырыс нәтижесінде Комиссия 2014 жылғы тамыздағы активтер мен нысандарды сатудың жоспар-кестесін бекітіп, осы уақыт ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарынан жеке секторға шығарылатын 15 компанияны белгіледі.

Активтер мен нысандарды сату жөніндегі комиссия – Қор жанынан құрылған, тұрақты жұмыс істейтін орган. Комиссия компанияларға тиесілі активтер мен нысандардысату туралы шешімдер қабылдайды және осы үрдісті үйлестіріп, бақылап отырады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі 2014-2016 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді бағдарламасын жасағаны белгілі. Бағдарлама мемлекеттің ел экономикасындағы қатысын азайтып, жеке сектордың үлесін арттыру арқылы экономиканы күшейтуді көздейді.


Back to the list