29.07.2014
«Бірінші жарты жылдықта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде тауарларға – 67 мың декларация тіркеліп, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард 647 миллион теңге республикалық бюджетке түсіп, жалпы республикалық көлемнің ішінен кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алуда – 14,6 % құраған», - делінген хабарламада.
Өткен ұқсас 2013 жылғы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар өсуі – 4 % немесе 3,7 миллиард теңгені құраған.
Алматы қаласының Халықаралық әуежайы - халықаралық әуебағыты, әуе жолаушылар және жүк ағындарының көлемі жағынан Алматы атынан жүк тасымалдау бойынша көшбасшы мәртебесіне ие десек артық болмас. Өткен жылдың өзінде «Жетісу» кеден бекетінде 9 мыңға жуық кедендік ресімдеу жүргізілген, соның ішінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан 1 миллион 43 мыңға жуық әуе жолаушылар және 11 825 тонна әуе жүктері өткен.