• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылады 29.07.2014

2014 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту органдарының ықпал етуімен 671мүгедек (66,6%) жұмыспен қамтудың әр түрлі шараларымен қамтылды. Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында жұмыспен қамту бөлімдері арқылы – 549 мүгедек (соның ішінде уақытша қоғамдық жұмыстарға – 142 адам) жұмысқа орналастырылды.     

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1593 адам қатысты, соның ішінде мүгедектер – 378 адам. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 276 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде мүгедектер – 87 адам. Қоғамдық жұмысқа 139 адам жіберілді, соның ішінде мүгедектер – 56 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 231 адам, соның ішінде мүгедектер - 56 адам, Жастар практикасына 120 адам жіберілді, соның ішінде мүгедектер – 8 адам. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 891 адам кеңес алды, соның ішінде мүгедектер – 260 адам.

 


Back to the list