• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Халықаралық жастар лагерінде 250-ден астам студент демалды 28.07.2014

Екі апта бойы осы шараның қолдауымен Алтай өңірі студенттерінің «Біздің ортақ үй - Алтай» ХІ халықаралық жазғы мектебі мен республикалық студенттер лагері «Жас Star» өткізілді.

Бұл шара халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға, жастарды Достастық елдеріндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы жайлы хабардар етуге, тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға, жастардың Достастық туралы дүниетанымдарын кеңейтуге бағытталған. Жобаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен келген 250-ден астам  жасөспірім қатысты.

Жастар саясаты бойынша басқармасынан хабарлағандай, қатысушылар үшін бағдарлама бойынша семинар-тренингтер, DJ RING, Фаэр-шоу, Камеди-клаб сынды мәдени тынығу шаралары мен облыс әкімінің кубогына КТК фестивалі өткізілді.


Back to the list