28.07.2014
ШОБ саласында 91555 адам жұмыс істейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,2%-ға жоғары. Ал, өндірілген өнім көлемі 117,9 млрд. теңгені құраса, өсім 26,4% көрсетті. Айта кетерлік жайт, шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 110 млрд. теңгеден астам қаражат түсті.
Оның үстіне, 2014 жылдың басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 4120,4 млн теңге болатын 31 жоба мақұлданды.
Сонымен қатар, бағдарламаның екінші бағыты «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жүзеге асыруға 200 млн. теңге қарастырылды. Кәсіпкерлерге жалпы құны 113,1 млн. теңге болатын 39 микро-несие берілді.