• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО соттары  6 айда 8 мыңнан астам әкімшілік істі қарады 25.07.2014

Облыстық сот төрағасы кеңейтілген жиында 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы өңірдегі  сот жұмыстарына қорытынды жасады, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

М.Әкетайдың айтуынша, облыс қазыларының қызметі әділ сот қызметінің сапасын қамтамасыз ету мен сот этикасы нормасын сақтау, қағазбастылықтан арылу, сот жүйесіне азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталды.

СҚО соттары  2014 жылдың алғашқы алты айында аяқталған 9960 азаматтық істің 6485-іне шешім шығарды. 1049-ына өндіріс жұмыстары тоқтатылды. Соның ішінде 182 азаматтық іске әлемдік келісім бойынша шешім шығарылды. Сонымен қатар, облыс қазылары 656 қылмыстық істі аяқтады. Соның 360-ына үкім шығарылды.

Сонымен қатар, медиация институтын енгізу жұмыстарын жандандыруға байланысты облыс қазылары медиаторлардың қатысуымен 50 істі қарады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш бір жыл ішінде бар болғаны біреу еді.


Back to the list