25.07.2014
Алқа мәжілісінде тәуелсіз бағалаушылардың есебі тыңдалды. Онда мамандар жекешелендіруге жіберілетін нысандардың құнын, жекешелендіру тәртібін, сатып алу түрлерін және мемлекеттің үлесі мен акция пакеті бар сегіз ЖШС мен АҚ-ның сату бағасы атап берді, деп ҚР ҰКП хабарлады.
Комиссияның шешімі бойынша, «Би-Логистикс» АҚ-дағы, «Қазақ спорт және туризм академиясы» АҚ-дағы, «Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институты» ЖШС-дағы, «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС-дағы және «Нысандар мен көліктерге қызмет көрсету дерекциясы» ЖШС-дағы мемлекеттің үлесі мен пакет акциялары электронды аукционға шығарылады.
Ал, «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-ның, «Қазаэрожоба»АҚ-ның, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-дағы мемлекеттің үлесі пен акция пакеті коммерциялық тендірге шығарылады. Сонымен қатар, компанияларды сату барысында олардың негізгі қызметін 5 жыл бойынша ұстап қалу және келісім шартқа отыру мүмкіндігін сақтау қалу шарттары қойылады. Ал, компаниялардың жылжымайтын мүлкіне келетн болсақ, ол да тікелей жауапты органдардың қағаз жүзінде рұқсат берумен саудаға шығарылады.