25.07.2014
«Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-конкурстың негізгі мақсаты - кәсіпорындар мен ұйымдардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған; Қазақстан нарығын жоғарысапалық және бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтуға ықпалдастық ету және халық арасында сапа идеясын көпшілікке тарату болып табылады.
Көрме-конкурсы сайысы үш номинация бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».
Осы көрме-конкурсқа облыстың 20 кәсіпорыны және жеке кәсіпкерлері қатысты.
Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға жолдама алды.