25.07.2014
«Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 36,3 млрд теңгені құрады. 2014 жылғы егістіктің ауыл шаруашылығы жерінің егістік жұмыстары аяқталды. Биыл жоспар 100,1 пайызға орындалып, 4203,8 гектар жерге астық егілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ірі қара басы 6,4% артып, 417,7 мыңға жетті. Облыстың ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер елорда нарығына 21,1 мың тонна сүт өнімі мен 5,1 мың тонна ет өнімін, 69 млн дана жұмыртқа әкелді.
Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасы аясында 2014 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша облысқа 674 бас ірі қара әкелінді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3,5 жылда облыс бойынша 15,7 мың бас ірі қара әкелінген.