• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жарты жылда  ел бюджеті айыппұл есебінен 278 млн теңгеге толықты 25.07.2014

«Жалпы, бірлескен шаралардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне 278 млн теңге қосылды, ол облыстық прокуратура органы мекемесінің құрылысына бөлінген қаржыға сәйкес келеді», - деді С. Айтпаева.

Қазақстанда бірінші жарты жыл ішінде 1 млн 307 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға аз.

«Әкімшілік құқықбұзушылық саны 42% пайызға қысқарды, оның ішінде адам денсаулығына зиян келтіретін іс әрекеттер мен қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін істер де бар», - деді ол.

С. Айтпаеваның айтуынша, сауда мен қаржы саласында әкімшілік құқықбұзушылық саны  80 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

«Ал, қоғамдық жерде темекі шекпеу тәртібін бұзу 3 есеге өсті. Мұндай фактілер Қазақстан бойынша 92 мың саналып отыр», - деді ол.

Оған қоса, ағымдағы жылы тұңғыш рет нақтыланған әкімшілік құқықбұзушылықтың төмендеу көрсеткіші анықтала тұра әкімшілік айыппұл 56,7 пайызды құрады.

Камила Амирова 


Back to the list