25.07.2014
Сонымен қатар, аймақта өткен жылмен салыстыратын болсақ, негізгі капиталға инвестиция көлемі 0,2%-ға өсті немесе 173,1 млрд. теңгені көрсетті.
ЖК қызметін есепке ала отырып айтатын болсақ, тауар айналымы 2 576,4 млн тонн/км құрады. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 12%-ға жоғары. Ал, жолаушылар айналымы 6 578,2 млн жолаушы/км жетіп, өсім 4,5% болды.
«Бұдан баста Ақтөбе облысы тұрғындарының ақшалай табысы да артты. Жергілікті жұрттың мамыр айындағы орташа номиналды табысы аймақ бойынша 60 787 теңгені көрсетті немесе 8,5%-ға көбейді. Айта кетерлік жайт, таза табыс көлемі 2,8%-ға өсті», - деп әкімдіктен атап өтті.