24.07.2014
Кезекті броньдау рәсімінің өзі өте жеңіл екендігін атап өту керек, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуын талап етпейді және 3 қадамнан тұрады.
ХҚКО» РМК деректері бойынша жаздың толық емес 2 айының өзінде ғана республиканың ХҚКО-ларына паспорттар мен жеке куәліктер алуға шамамен 300 000 қазақстандық жүгінген екен.
«Құжаттар алуға тілек білдірушілердің мұншалықты көп саны демалыс маусымымен байланысты. Қазір көптеген адамдар паспорттар алуға ХҚКО-ға келеді, себебі шетелге шықпақшы болады. Кейбіреулері алғаш рет жүгінеді, себебі басқа елге бірінші рет шыққалы отыр, енді басқалары құжаттарын ауыстырады, себебі оның қолданылу мерзімі виза алуға жеткілікті емес болып табылады», - деп түсіндірді Айтуғанов.
«Клиенттердің Халыққа қызмет көрсету орталықтарына көптеп ағылуы тамыз айында да күтілуде. Айтуғановтың айтуынша, «тамыз бұл бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мекенжай анықтамасын алуға жүгінетін шағы, себебі баланы мектепке қабылдау үшін осы анықтаманы ұсыну қажет болады», - делінген хабарламада.
Аталған қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету орталығында ғана емес, сондай-ақ электрондық үкімет порталында үй компьютері арқылы да алуға болатындығын атап өтеміз. Мекенжай анықтамасын алу рәсімі орташа есеппен бірнеше минуттарға созылады.