24.07.2014
«Өскемен қаласында «Жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша 315 пәтері бар 3 көпқабатты үй салынуда. Олардың 2-уі 2014 жылдың соңында пайдалануға берілсе, 2015 жылы қалған біреуі жастардың игілігіне беріледі», - делінген хабарламада.
Бұл тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 100 000 теңге. Айта кетерлік жайт, аталмыш баспаналар «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының жастарға арналған және жалға беру арқылы берілетін алғашқылардың бірі.
Жалпы, Өскеменде 5 санат бойынша 5500 адам баспана кезегінде тұр. Олар: Ұлы Отан Соғысы ардагерлері және мүгедектері, жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер, соңғысы жалғыз тұрғын үйлері апатты жағдайда деп танылған ҚР азаматтары.