23.07.2014
Залға жиналған 40 шақты кәсіпкермен кездесу барысында орынды ұсыныстар да айтылды. Ең бастысы, барлық бағыт бойынша тегін сервистік қызмет пен дайын бизнес жоспарлар ұсынылды.
Кәсіпкерлік ашу үшін несие алу, сертификаттауды рәсімдеу кезінде қолдау көрсету, салықтық есеп бойынша кеңес беру, электронды кілт ашу мен бастауыш кәсіпкерлердің көкейіндегі көптеген сауалдарға сервистік компанияның кеңесшілері нақты жауаптар берді.
Кәсіпкерлер палатасы бөлімшесінің директоры А.Әділжанов аталмыш жобалардың толықтай іске асырылып кеткеніне дейін Кәсіпкерлер палатасының назарында болатынын айтты.
Шараға қатысушылардың барлығы «Шағын және орта бизнестің 100 жобасы» жинағын сыйлыққа алды.