• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Самұрық-Қазына» АҚ комиссиясы  15 компанияны жеке секторға шығаруды мақұлдады 23.07.2014

«Бiз бүгiн «Самұрық-Қазынаға» тиесiлi компанияларды жекешелендiру туралы мәселенi қарастыруды бастадық. Комиссия қарауына бiрқатар әдiстемелiк мәселелер ұсынылды. Компанияларды сату аукцион немесе электронды конкурс түрiнде өтпек. Екеуi де Қаржы министрлiгi алаңында жүзеге асырылады. 1 тамыздан бастап алаң бiздiң талаптарға сай болады деп сенемiз. Тамыз айында 15 компанияны жекешенлендiруге жiберудi жоспарлап отырмыз», - дедi Е.Бахмутова.

Отырыс нәтижесiнде комиссия 2014 жылғы тамыздағы активтер мен нысандарды сатудың жоспар-кестесiн бекiтiп, осы уақыт iшiнде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарынан жеке секторға шығарылатын 15 компанияны белгiледi.

Сатылымға ұсынылатын компаниялардың арасында «Бiржан-Атырау» ЖШС жылжымалы құрамды жөндеу мен қызмет көрсету кәсiпорны, «Бас-Балқаш 2014» ЖШС, «АқБерен» ЖШС, «Ертiс сервис» ЖШС, мұнай өнiмдерiне арналған вагон-цистерналарды тазалап, дайындау компаниясы, «Қазығұрт-Оңтүстiк» ЖШС және т.б. бар.

«Жалпы, біз бағалау, бекіту сынды  барлық жұмыстарды тамыз айында бітіруді көздеп отырмыз. Егер олар ЖШС болатын болса онда олар құрылтайшыларына ұсынылады. Ал, олар бас тартып жатса онда аукцион өткізіледі», - деп түйіндеді Е.Бахмутова.


Back to the list