• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгердің сүйегі Ақмола облысында  қайта  жерленді (ФОТО) 23.07.2014

Туған жерден жырақта қаза тапқан Қабен Құсайыновтың сүйегінің кіндік қаны тамған жерінің топырағына жерленуіне Зеренді ауданы әкімдігіне жақында Ресейдің Смоленск облысындағы Жастарды патриоттық тәрбиелеу және әскери даярлау орталығының басшысы Нины Куликовскаядан келген хат арқау болған екен.

Аудан әкімі Малғаждар Тәткеевтің атына келген хатта Нина Куликовская «Надежда» іздеу тобының жақында ғана Қабен Құсайыновтың денесін із-түзсіз жоғалғандар арасынан солдат медальоны арқылы анықтағанын және марқұмның тағы бір туысқаны Ескен Әбілхасеновтың да Смоленск облысының Демидов ауданында жерленгені айтылған.

Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалы мен «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қаза болған солдаттың туған-туыстарына Смоленскіге баруға материалдық көмек беру үшін қаражат жиналды. Аудан әкімінің орынбасары мен марқұмдардың бауыры Теміржан Құсайынов аталмыш қалаға аттанып, қос ағайындының бірінің басына ескерткіш тас орнатса, енді бірінің сүйегін елге алып келді.

Бүгін Қабен Құсайыновтың сүйегі туған жері Бөгембай би ауылына жерленді. Ал оның бауыры Ескен Әбілхасеновтың басына ескерткіш орнатылатын болды.

 


Back to the list