• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көкпектідегі қалпына келтіру жұмыстарын облыс  әкімі назарға алды 23.07.2014

Өңір басшысы кезекті рет ауылға ат басын бұрып, Нижняя және Жағалау көшелерінде салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.

Табиғи апаттың зардаптарын жоюға арналған штаб отырысында әкім жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Бұқар жырау ауданының  әкімі Нұркен Қобжановтың айтуынша, бүгінге дейін ауылдың 39 үйіне толықтай қабырға монтажы жасалынған. 8 үйде бұл көрсеткіштер 30-90% аралығында болса, 5 үйде ішкі сылақ жұмыстары басталған, ал 3 үйге электр сымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қоғамдық қор есепшотына 271 млн 860 мың теңге түскен. Соның ішінде 256 млн 238 мың теңге зардап шеккендердің жеке шотына тұрмыстық техника мен үй жөндеу жұмыстарына аударылды.

«Нұрмұхамбет Әбдібеков құрылыс жұмыстарына баға бере келіп, уақыттың өте тығыз екенін айтты. Көрсетілген мерзімде үй құрылыстарын толықтай аяқтау үшін аудандағы барлық резерв пен күштің  жұмылдыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, әкім қайта құру жұмыстары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді», - делінген хабарламада. 


Back to the list