22.07.2014
«2030 жылға дейінгі елдің қаржылық секторын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында күрделі несиелердің деңгейін төмендету күтілуде. Осы орайда дамыған елдерде «күрделі» несиелер барлық портфеляның шамамен 10%-ын құрайды. Оңтүстік Қазақстан мен Сингапур елдерінде бұл көрсеткіш 1 пайыз болса, Ресейде 6 пайыз, Қазақстанда 33 пайызды құрайды», - дейді бас банкир.
Осыған орай Қайрат Келімбетовтың айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш көрсеткішті 10 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Атап айтар болсақ, Үкімет үмітсіз несиелерді алып тастау мүмкіндіктерін жеңілдететін салықтық заңнамасына өзгерістер жобасын дайындады.
Оның айтуынша, бұл жаңалық пруденциялдық норматив түрінде күтілуде (Пруденциялды норматив – ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған заңнама тарапынан орнатылатын экономикалық талаптар). «Егер бұл норматив орындалмайтын болса, біз лицензияны алып тастаймыз. Бір жағынан біз қор арқылы қаржылық қолдау көрсетеміз», - дейді Қ.Келімбетов.
Күрделі несиелер қорына 250 млрд теңге бөлінді. «Жыл соңына дейін бюджетті мақұлдағаннан кейін біз оны алып, тиісінше, банктерге топтастырамыз. Бұл бәрінен бұрын Қазақстаннның коммерциялық банкі, БТА, АТФ және Альянс банктері», - дейді.
Камила Амирова