22.07.2014
«Ас-мол и П» ЖШС инвестициялық жобасын қаржыландыру ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында басталады. Ферма ет және сүт өнімдерін өндіретін болады. Сонымен қатар, жаңа 112 жұмыс орны ашылмақшы.
Қарабұлақ ауылының әкімі Қайыргелді Әйтімовтың айтуынша, кәсіпорын дайын өнімінің 36% қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелеріне таратуды жоспарлап отыр.
Екінші жоба ауылдық жоба болып табылады. Ол қаздарды өсіріп, етін саудаға шығаруға бағытталған.Бұл жоба «Агро Гус kz» ЖШС тиесілі. Шілде айының соңына дейін 1000 қаз сатып алынатын болса, өндіріс 2014 жылдың қараша айында іске қосылады.