• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда банк секторының біріктірілуі күтілуде – Ұлттық банк (ФОТО) 22.07.2014

«Акционерлер жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Жауапкершілікті арттырудың бір әдісі ірі көлемде капитал салу болып табылады. Алдағы уақытта қазақстандық банктерді біріктіру қолдға алынады деп күтілуде. Жыл соңына дейін бірқатар банктердің ниеттері туралы айтылады», - дейді Қ.Келімбетов.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда банк секторындағы премьер-лига құрылмақ. Жоспар бойынша, 10-15 банк барлық несиелер мен депозиттердің 95 пайызын жаппақ.

«Жоспар бойынша, Альянс пен Темір банктерінің капиталына жаңа акционерлер енбек. Қазіргі таңда насиешілермен тиісті комитеттердің келіссөздері аяқталуда. Бізге белгілісі, тараптар келісімге келіп жатыр. Алдағы уақытта біріккен банкті көретін боламыз, онда Альянс және Темір банктері мен Форте банкі қосылмақ», - дейді.

Бастапқыда оның капиталы 120 млрд теңгеден аспақ.

Келімбетовтың айтуынша, осы арқылы банктерді қайта құру бағдарламасы аяқталмақ.

«Жыл соңына дейін Қазақстанның коммерциялық банкі мен БТА банкі өздерінің қосылу бағдарламаларын жариялайды. Осы арқылы біщз елімізде жаңа ірі жүйе құрушы банкке қол жеткіземіз», - дейді Қ.Келімбетов.

Камила Амирова


Back to the list