• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жарты жылда Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 14%-ға артты – Қ.Келімбетов 22.07.2014

«Мемлекеттің жүйе құрушы банктер капиталына енгенінің нәтижесінде банктік жүйенің тұрақтылығы сақталды. Атап айтар болсақ тұрақтылықтың басты көрсеткіші халықтың депозиттік жүйеге деген сенімі. Халықтың сенімі сақталып отыр», - дейді бас банкир.

Оның айтуынша, жарты жылда Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 14%-ға артты.

«СМС хабарламалар шабуылана қарамастан осындай деңгейге жетіп отырмыз. Ақпан айындағы аталмыш шабуылдардың кесірінен 200 млрд теңге көлеміндегі халық салымы қайтарылып алынды. Алайда бүгінгі таңда халық қайта банктерге сенім артып отыр», - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар банктік секторды нығайту мен табиғи біріктіру мақсатында Ұлттық банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы 10 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге банктік өзіндік капиталы көлемінің талаптарын кезең-кезеңімен арттыруды қарастыруда.

Осы орайда аталмыш талаптарға жауап бермейтін банктер өзінің қызметтерін жалғастыра береді, дегенмен оларға жеке тұлғалардың депозитін қабылдауда максималды сома шектеледі.

Камила Амирова


Back to the list