22.07.2014
Келіссөздер барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мәселелерді талқылады, оның ішінде: Келісім бойынша операторы «КазРосГаз» ЖШС-і болып табылатын «Имаш» газконденсатты кенорнын игерудің келешегі мен Қарашығанақтың шикі газын сатып алып-сату туралы ұзақ мерзімдік келісім-шарттың 2038 жылға дейін ұзартылуы.
Болашақта ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қолданыстағы және жобаланудағы газ тасымалдау жүйелерінің келешектері қаралды.
Өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша жоспарлар мен міндеттерді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Газпром» ААҚ одан әрі іске асырады деген шешім қабылданды.