• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ХҚКО-ларда көшірме қызметтерінің бағасы кемінде екі есе төмендейтін болады 22.07.2014

Бұрын мұндай қызметті тек ХҚКО аумағында өз аппараттарын орнатқан жеке кәсіпкерлер көрсететін еді, мұнда бағасы 20-30 теңгені құраған, ал кейбір облыстарда бір көшірме 60 теңгеге дейін барған.

«Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарында сервистің сапасын үздіксіз арттыруға мүдделіміз. Көшірме-көбейту пункттері қызметінің құнына тек шығыс материалдары мен жұмысты ұйымдастыруға ғана шығындарды қамтиды. Біз клиенттер үшін аз шығындарға қол жеткізуге ұмтыламыз. Осыған байланысты көшірме-көбейту қызметтерінің бағасын 10 теңге деңгейінде бекіттік», - деді Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов.

Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның соңына дейін «ХҚКО» РМК көшірме-көбейту қызметтерінің тағыда 48 нүктелерін ашуды жоспарлап отыр. ХҚКО жаңа сервисі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және басқа облыстарда ұйымдастырылды.


Back to the list