• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекет экономиканың дамуын құнды қағаздар арқылы реттейді 22.07.2014

«Мемлекет құнды қағаздар арқылы ел экономикасының дамуын ретке келтіреді және мына міндеттерді жүзеге асырады: қаржы массасын реттейді, инфляцияны реттейді, құнды қағаздар бойынша табысты арттырады және өзгеде әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешеді», -  деп баса айтты Б. Сұлтанов.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы мемлекеттік құнды қағаздардың өзге кұнды қағаздардан басты екі артықшылығын атады.

«Ереже бойынша мемлекеттік құнды қағаздардың өзге кұнды қағаздардан басты екі артықшылығы бар. Біріншіден, ол салынған қаржы сенімділігінің жоғары деңгейі. Негізгі капиталды және ол бойынша табысты жоғалтып алудың ең минималды тәуекелі. Екіншіден, ереже бойынша салық салудың жеңілдетілген түрі», - деп сендірді министр.

Бахыт Сұлтановтың хабарлауынша, толығырақ мәлімет алу үшін тікелей ҚР Қаржы министрлігіне жүгінген жөн.

Индира Кауметова


Back to the list